Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Полиция қызметкерлерінің жалақысы 65%-ға дейін өседі

Полиция қызметкерлерінің жалақысы 65%-ға дейін өседі

Алматы. 11 қаңтар. 7kun.kz – ҚР ІІО-ның 450 басшысы орнынан босатылады, сонымен қатар штаттағы полицейлердің саны да 10%-ға кемиді, - деп мәлімдеді ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов.

Оның айтуынша, қызметкерлердің санын қысқартып, үнемделген қаржыны бөлімде жұмыс істейтін өзге мамандардың жалақысы мен әлеуметтік қорғанысын жақсартуға бағыттайды.

Атап айтар болсақ, патрульдік полиция қызметкерлерінің айлығы 65%-ға, жедел тергеу бөлімінің мамандарының айлығы 55%-ға, учаскелік инспекторлардың айлығы 25 %-ға, ал ІІО-ның өзге қызметкерлерінің айлығы 20 %-ға көтеріледі деп күтілуде.

Похожие материалы