Польшаның PGNiG компаниясы және Болгарияның Bulgargaz-ы "Газпромнан" 27 сәуірден бастап газ жеткізуді тоқтатынын туралы хабарлама алған. Польша келген шығын мен залалдың өтеуін «Газпромнан» қайтаруға ниетті, деп хабарлайды 7 kun.kz DW агенттігіне сілтеп.
Польшаның PGNiG мемлекеттік мұнай-газ компаниясына ресейлік "Газпром" корпорациясы тарапынан 27 сәуір сағат 08.00-ден бастап "Ямал-Еуропа" құбыры арқылы газ жеткізу тоқтайтынын хабарлады. PGNiG мұндай мәлімдеме алғанын 26 сәуірде жариялады.
Қазір PGNiG көгілдір отын тасымалын қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайтынын айтты. Польша компаниясының айтуынша, «Газпром» келісімшартты бұзып жатыр. Сондай-ақ, олар келісімнің бұзылуына байланысты залалды өтеуді талап етуге құқылы екенін атап өтті.
Артынша Болгарияның экономика және өнеркәсіп министрлігі болгарлық Bulgargaz газ компаниясы "Газпром"-нан "Түрік ағыны" арқылы газ тасымалы тоқтайтыны туралы хабарлама алғанын жеткізді.
«Газпром» бұған дейін Польша мен Болгариядан "төлемдердің жаңа тәртібіне" сәйкес шикізат үшін рубльмен төлем жасауды талап еткен. Олар бұл шарттарды орындаудан бас тартты. Газ үшін төлем рубльмен жасалсын деген жаңа нормаға РФ президенті Путин қол қойып, 1 сәуірде күшіне енген.
Ал Польша Ресей мен Беларусь елінен көмір мен кокс алуға эмбарго жариялаған. Тіпті, ол өнімдердің Польша арқылы тасымалына да тыйым салған.