Алматы. 2 ақпан. 7kun.kz - "Польформа" халықаралық тобының 2018-2020 жылдарға арналған инвестициясы көлемі 37 млн АҚШ долларын құрады. Бұл қаржы Қазақстандағы "Химфарм" зауытына құйылады деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.
«SANTO» компаниясы, «Польфарма» (Польша) халықаралық фармацевтикалық тобының бір бөлігі бола отырып, Оңтүстік Қазақстан облысында «Химфарм» АҚ қолданыстағы фармацевтикалық өндірісін cGMP (ағылш. GoodManufacturingPractice;Тиісті өндірістік практика) халықаралық стандарттарына сәйкес жаңғырту бойынша саладағы ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырады.
2018-2022 жылдар аралығында «Химфарм» АҚ дәрі-дәрмек өндірісі бойынша ірі қазақстандық зауытты жаңғыртудың төртінші кезеңі шеңберінде жаңа зертхананың құрылысы салынатын, инфрақұрылымы жаңғыртылатын, логистикалық объектілері модернизацияланатын, зерттеулер мен әзірлемелерге арналған жабдықтар жаңғыртылатын болады. Ал, 2018 жылдың наурыз айында зарарсыздандырылмаған ерітінділердің жаңа учаскесі іске қосылатын болады.
Айтарлықтай қаржы құралдарын негізгі және қосалқы өндірістік үдерістерді автоматтандыруға, диджиталдандыруға жұмсау жоспарлануда: кадрлық іс жүргізудегі инновациялық ІТ-шешім – «Бұлтты HR»; өндірістік алаңдардағы қоймаларды басқарудың «ақылды» жүйесі, қызмет көрсету, жөндеу бойынша регламенттік жұмыстарды жоспарлауды және есепке алуды автоматтандыру жүйесі; адами және материалдық ресурстарды жоспарлау; өндірістегі сапаны қамтамасыз етуді автоматтандыру және басқару және басқалары.
Польшалық инвесторлар 2018-2022 жылдарға есептелінген «Химфарм» АҚ төртінші технологиялық модернизациясына шамамен 37 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр.
««Іс жүзінде қазір Шымкент қаласындағы «Химфарм» АҚ зауытында барлық негізгі өндірістердің және қосымша логистикалық алаңдардың құрылысын салу және модернизациялау аяқталған. Енді инвестициялық бағдарлама өндірістік және қосымша үдерістерді автоматтандыруға және диджиталдандыру саласындағы жаңа жобаларға, сонымен қатар сапаны бақылау және басқару жүйесі саласындағы жобаларға бағытталатын болады.
2009 жылдан бастап Қазақстанда отандық өндірушілермен денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне арналған дәрі-дәрмек құралдарын бірегей дистрибьютор арқылы жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісім-шарт жүйесі жұмыс істейді. Тек, «Химфарм» Ақ өзінде қазіргі таңда 5 қол қойылған келісім-шарт бар. Оларға сәйкес, бізде Қазақстан Республикасының емдеу мекемелеріне арналған кепілдендірілген жеткізуді жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Ұзақ мерзімді келісім-шарттар инвесторларға келісім-шартталған сатылымдар мөлшерін алуға мүмкіндік береді. Бұл заманауи және бәсекеге қабілетті фармацевтикалық өндірістерді құруға ынталандырады. Инвесторлар сонымен қатар, Инвестициялар және даму министрлігінен инвестициялық келісім-шарттар есебінен преференциялар ала алады, отандық өнім берушілердің Қазақстанның Даму банкінен жеңілдікпен несие алу мүмкіндіктері бар. Қазақстанда отандық өндірушілер мен инвесторларды қолдаудың әртүрлі құралдары мен механизмдері әзірленген. «Химфарм» АҚ аталмыш құралдарды мүмкіндігінше тиімді пайдаланады», - деді «Химфарм» АҚ зауытының директоры Рустам Байгарин.