Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

П.Порошенко: "Қазақстан - Украина үшін Азияға бастар терезе"

П.Порошенко:  "Қазақстан  - Украина үшін Азияға бастар терезе"

Украина президенті Петр Порошенко Қазақстанды ДСҰ-ға кіруімен құттықтады. Қазақстан Украина үшін Азияға бастар терезе болса, Украина Қазақстанның Еуропаға бастар терезесі болады деп атап өтті. Бұл туралы Ақорда да өткен баспасөз-конференцияда мәлімдеді.

"Қазақстан - Украинаның ең жақын серіктестерінің бірі. Қазақстан Украина үшін Азияға бастар терезе деп айта аламын. Украинаның Қазақстан үшін Еуропаға бастар терезесі болатынына үміттенемін",- деді Порошенко.

Ол сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық, саяси, гуманитарлық, мәдени және әлеуметтік салаларды дамытуға екі елдің  үлкен мүмкіндікке ие екенін атап өтті.

"Мен Нұрсұлтан Әбішұлын ДСҰ-ға кіруімен құттықтағым келеді. Бұл біздің елдеріміз арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа тарауын ашады. 2016 жылдың ақпанынан бастап Еуропалық одақтың жаңа сауда туралы келісімі күшіне енеді.Ол Қазақстанға жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу артықшылығын береді",-деп сөзін түйіндеді Порошенко.

Похожие материалы