Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың батысқа сапары

Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың батысқа сапары
Премьер-министр Кәрім Мәсімов аймақтарға сапары жалғасуда. Осыған дейін Ақмола, Павлодар облыстарында болған ол енді батыс өңірге барды. Кеше Атыраудың әуежайын тексеріп, Қашағанды көріп қайтты.  Үкімет басшысының сайтында жазылғандай, Кәрім Мәсімов мемлекет басшысы тапсырма берген соң аймақтың әлеуметтік-экономикалық ахуалмен танысу үшін аймақтарды аралап жүр. Батыстағы алғашқы нүкте - Атырау облысы болды. Облыстағы сапарын Атырау әуежайынан бастады. Еліміздегі соңғы жағдайлар қауіпсіздікті күн тәртібіне шығарғаны сөзсіз еді.  Облыс әкімімен бірге К.Мәсімов халықаралық сектор жолаушыларының ұшып келу және ұшып кету залын, сондай-ақ жалпы күту залын аралады. Әуежай жұмысы туралы баяндаманы тыңдады, сонымен қатар аэровокзал ғимаратына қосымша салынатын ғимарат құрылысының бекітілген жобасымен танысты. Әзірге, тексеру нәтижесі көрсеткендей әуежайда авиациялық қауіпсіздік толығымен қамтамасыз етілген. Осыған дейін премьер Ақтөбе, Қарағанды, Талдықорған, Қостанай, Павлодар әуежайларын тексеріп, Петропавл әуежайын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан еді. Аймақтың әлеуметтік ахуалын деген тапсырманы орындау үшін қаланы аралап, "Нұрсая" шағын ауданына барды. Атыраулықтардың баспана мәселесі туралы білу үшін "Жерұйық" тұрғын үй кешенінің құрылысымен танысты.  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қолдауымен жүзеге асып жатқан құрылыс жұмыстарының 70% аяқталған. Тексеру әдеттегідей тұрғын үй кешені құрылысының барысы туралы баяндаманы тыңдаумен аяқталды. Аймақтың экономикалық ахуалын анықтап, өндірістік қуатымен тағы бір танысатын маршрут бұрғылау жабдықтарын шығаратын "Жігермұнайсервис" зауытынан басталды. Кәсіпорынның негізгі қызметі - мұнай және бұрғылау компанияларына сервистік қызмет көрсету. Алғашқы бұрғылау кешені елімізде 2015 жылы шығарылған еді. Ол қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының аумағында жұмыс істеп тұр. Өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 86% құрады. Үлкен назарға ие болған нүктенің бірі - Атырау мұнай өңдеу зауыты. Бұл Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу зауыт. Зауытта 21 атаумен мұнай өнімдері шығарылады. Атап айтқанда, өнеркәсіптік көлемде АИ-80, АИ-92, АИ-93 маркалы этилендірілмеген жанармай өндіріледі. Қазір бұл нүкте мұнайды терең өндейтін жаңа кешенге айналдырылу үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мехникалық кезеңі биылғы жылдың соңында аяқталады деп күтілуде. Ал 2017 жылы іске қосу мен реттеу жұмыстары жүргізіліп, кешен пайдалануға берілетін болады. Мұнайлы объектілердің бірі ретінде Кәрім Мәсімов Қашаған кен орнына келді. Тіпті D аралының суретін ол Instagram парақшасына да жариялады. NCOC компаниясының атқарушы директоры Бруно Жардэнмен кездесіп, Солтүстік Каспий жобасының жұмысымен танысты. Қашағандағы мұнай өндіру 2013 жылдың күзінде құрбылардағы ақауға байланысты тоқтатылған еді. Қазір құбырлар толығымен ауыстырылғанға дейін жұмыс тоқтап тұр. Кен орнын пайдалану уақыты үнемі өзгеріп отырған еді, бірақ 14 маусымдағы үкімет отырысында Мәсімов энергетика министрлігіне және ҚазМұнайГазға 2016 жылдың қазанында жұмысты бастау туралы тапсырма берді. Жыл сайын 75 млн тонна мұнай өндірілу қажет деген жоспар қойылды. Қазанға дейін әлі уақыт бар, премьер-министр де әзірге тапсырмасына дайындық барысымен танысып қайтты. Атырауда жүрген үкімет басшысы тағы бір жаңалығымен бөлісті. Твиттердегі аккаунтында жазғандай, Ресейдің премер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесіп, шекаралас өзендер мәселесін талқылау қажет. Екі жақ кездесу ЕАЭО елдері үкімет басшыларының 12 тамызда Сочидегі жиналысында өтеді.

Әбітай Ақсәуле "7"

Похожие материалы