
Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Ақтөбе облысына әкім болып тағайындалған Ералы Тоғжанов атқарған.