Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Үкімет туралы: Алдына қойылған міндеттерді атқара алмаса, орындарын босатады

Президент Үкімет туралы: Алдына қойылған міндеттерді атқара алмаса, орындарын босатады
Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаев цифрлық технология саласында артта қалмау керек екенін және бұл істі атқаруға Үкімет жауапты екенін мәлімдеді. Президент өз сөзінде Үкіметтің "Цифрлық Қазақстан бағдарламасын даярлап қойғанын айтты. "Бізге цифрлық технологиялар жағынан артта қалмау керек. Бұл мәселені сөзбұйдаға айналдыруға да болмайды. Мен Үкіметке, министрлерге нақты тапсырма беремін, осы мәселені өзім бақылаймын. Бұл - өте маңызды. Үкіметтің алдында тұрған басты міндет деуге болады. Оны іске асыра алса, жақсы. Ал істей алмаса, басқаларға орнын босатуы керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұған дейін мемлекет басшысы қаржысын шетелде сақтайтын компанияларға ақшаны Қазақстанға қайтаруын талап етті.

Похожие материалы