Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Баспасөз мәслихаты этикасы: Журналист өзін қалай ұстауы керек

Баспасөз мәслихаты этикасы: Журналист өзін қалай ұстауы керек

Журналист баспасөз мәслихатында өзін қалай ұстауы тиіс? Не нәрсеге назар аударуы қажет? Өз ұстанымына берік болып, іс-шарға объективті түрде шолу жасау жолдары қандай? Осы сынды сұрақтарға 7kun.kz жауап іздеп көрді. Ізденіс нәтижесімен таныс болыңыздар.

Уикипедия баспасөз мәслихатына мынадай анықтама береді:
Баспасөз мәслихаты - әдетте, ресми органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, жеке қайраткерлердің белгілі бір мәселеге байланысты өздерінің көзқарасын, пікірлерін жария ету үшін ұйымдастыратын аудиториялық жиыны. Көтерілер мәселе бойынша тиісті орынның баспасөз хатшылығы журналистерге пресс-релиз (мәслихаттың тақырыптық мазмұндамасы) таратады. Баспасөз мәслихаты жиынды ұйымдастырушы жақтың қысқаша сөзімен ашылады. Одан кейін сұрақ-жауап түріне көшеді.

Баспасөз мәслихатына дайындық

Баспасөз мәслихаты өткізілгенге дейін көтерілер тақырып бойынша негізгі, қысқа ақпаратты жинап алыңыз. Баспасөз мәлімдемесін (пресс-релиз) мұқият оқып шығыңыз. Әдетте баспасөз мәслихатында жиынды ұйымдастырушы жақ сол баспасөз мәлімдемесінің мазмұнын айтып береді. Алайда мәлімдемеде қамтылмаған қосымша ақпарат жеткізілетін болса, оны түртіп алыңыз. Beatles press conference.  Photo by Kevin Cole.Техникалық мәселелерді де естен шығармаңыз. Материал қайда және қандай түрде жарияланатынына байланысты фотоаппарат, диктофон, камераңыз әзір болсын. Әрдайым өзіңізге келесідей сұрақтарды қойыңыз және оларға жауап табуға тырысып көріңіз: Олар баспасөз мәслихатын неліктен, қандай мақсатпен өткізуде? Мына мәлімдемелерін не үшін жасап отыр? Нені айтпай, жасырып қалды? Мені және өзгелерді не нәрсеге нандырғысы келіп отыр?

Сұрақ - жауап

Баяндама жасап жатқан адамды немесе адамдарды зейінмен тыңдаңыз. Деректерді дұрыс беріп жатыр ма, айтып жатқан сөздерінде қарама-қайшылықтар жоқ па екен, айтып жатқандары шындыққа жанаса ма? Осыны тексеріңіз. Тексеріңіз де, сұрақ қойыңыз. Сұрақ қоюдан қорықпаңыз. Жоғарыда дайындық туралы баян еткенде көтерілер тақырып аясында ақпарат жинауға тоқталған болатынбыз. Бұл ретте, бұған дейін жарияланған немесе айтылған пікірлерді баспасөз мәслихатындағы баяндамалармен салыстырыңыз.700 Сұрақты әдеппен қойыңыз. Баспасөз мәслихатындағы "ауа-райын", сұрақ жолдағыңыз келіп отырған адамның психологиялық жағдайын ескеріңіз. Сұрақтың құрылымына да назар аударыңыз: жеке өмір мәселелерін қозғамаңыз; тақырып, сала аясынан ауытқымаңыз; жауап берушінің шамына, намысына тиетін сауалдарды қоймаңыз. Бұған қоса, астарлы сұрақтарды қоймаған жөн. Күрделендірмей, анық та баршаға түсінікті сауалдарды қойған жөн.

Материалды ұсыну

Баспасөз мәслихаты аяқталған соң, оны қорытындылап сіз материал дайындайсыз. Бұл ретте баспасөз мәлімдемесі мен өзіңіздің қойған сұрақтарыңыздың нәтижесінде алған ақпарды негізге алыңыз. Сонымен қатар, материалыңызды оперативтік түрде құзіретті кісілердің пікірлерін алып, толықтырсаңыз артық болмайды. Бастысы бейтарап болыңыз. Объективтіліктен ауып кетпеңіз. Журналистиканың басты қағидаларының бірі осы емес пе еді?! Дайындаған Алмас Өтебай "7"

Похожие материалы