Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент 200 кәсіпорынды цифрландыруды тапсырды

Президент 200 кәсіпорынды цифрландыруды тапсырды

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — 2025 жылға қарай 200 қазақстандық компания цифрлануы тиіс. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қазақстандық өнеркәсіп орындарын цифрлау бойынша пилоттық жобалар жүзеге асырылып жатқанын, барлығы жеті модельді цифрлық фабрика іске қосылғанын атап өтті.

«2025 жылға қарай үкіметтің алдына цифрлық технологияларды енгізген ірі және орта өндірістік кәсіпорындардың санын 200-ге жеткізу міндеті тұр. Бұл, әрине, күрделі міндет, бірақ ол үкіметтің және барлық атқарушы органдарғдың қолынан келеді деп ойлаймын. Нәтижесінде технологиялық дамудың қазіргі деңгейінен "ақылды" өндіріс деңгейіне көшу, яғни толық автоматтандыру және роботтандыру қамтамасыз етілуі тиіс", - деді президент.

Ол 2020 жылдан бастап үшінші индустрияландыру бағдарламасын іске асыру басталатынын еске салды.

"Біз жеке сектордың әлеуетін барынша пайдалана отырып, экспортқа бағдарланған өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытын анықтадық. Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүзеге асыруда алдыңғы бесжылдықтардың қателіктерін ескеріп, нақты өңдеуші өнеркәсіпті құру және келесі міндеттерді шешу қажет – өңделген өнім экспортын арттыру, шығарылатын өнімді технологиялық тұрғыдан қиындату, сапалы жұмыс орындарын құру", - деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік бағдарлама экономиканы құрылымдық трансформациялаудың негізгі факторы болып, мультипликативтік әсер етуі тиіс.

"Индустриялық саясаттың түпкі мақсаты – экономиканың теңдестірілген өсуі және азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар", - деп есептейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Қазақстанның өнеркәсібі, тұтастай алғанда ел экономикасының алдында тұрған жаңа міндеттерді ескеруі керек екенін атап өтті.

"Бұл сауда соғыстары, ірі экономикалық державалар арасындағы санкциялық шектеулер. Сауда режимдерін ДСҰ қағидаттарына нұқсан келтіріп шектеу жалғасып жатыр,протекционистік саясат күшейтіліп келеді. Мұндай жағдайларда Қазақстанның экономикалық әлеуетін іске асыру үшін ұлттық бизнестің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін дамыту шешуші болып саналады. Оған ең алдымен үкімет атынан мемлекет көмектесуі тиіс. Индустриялық саясаттың орталық элементі экспортты одан әрі ынталандыру және ішкі нарықты дамыту болуы тиіс", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы