Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент 5% мөлшеріндегі қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді кейінге қалдырды

Президент 5% мөлшеріндегі қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді кейінге қалдырды

Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 5% мөлшеріндегі қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыруды тапсырды.

"Кейіннен бұл мәселеге ораламыз. Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар келісілген шешімге келуі тиіс", - деді Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында.

Еске сала кетейік, Президент Жолдауы бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялады. Сағат 15:00-де барлық республикалық телеарналардан көрсетіледі.

Похожие материалы