Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Амандық Батталовтың жұмысын басқа әкiмдерге үлгi еттi

Президент Амандық Батталовтың жұмысын басқа әкiмдерге үлгi еттi

Астана. 3 ақпан. 7kun.kz - Бүгiн Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында баяндама жасаған Алматы облысының әкiмi Амандық Батталовтың жұмысын Президент Нұрсұлтан Назарбаев оң бағалап, әрiптестерiне үлгi еттi, деп хабарлайды Baq.kz.

Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында Алматы облысының әкiмi Амандық Батталов атқарылып жатқан жұмыстар жөнiнде баяндама жасап болғаннан кейiн, Елбасы оның жұмысын оң бағалайтынын айтты.

«Жұмысың жақсы, оң баға беремiн. Көп әрiптестерiң үйренетiн жұмыс iстеп жатырсыз. Табысты бол», - дедi Н.Назарбаев.

Амандық Батталовтың баяндауынша, өңiрде 2016 жылы дамудың оң қарқыны сақталған.

«Барлық мақсатты индикаторларға қол жеткiздiк. Жалпы өңiрлiк өнiмнiң 2 пайыздық өсiмi қамтамасыз етiлдi. 529 млрд теңге инвестиция тартылды. Жергiлiктi бюджет түсiмi 3,4 пайызға өстi. 25 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, оның 5 мыңнан астамы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылды. Осы бағдарлама бойынша 69 жобаны жүзеге асыруға бөлiнген 38,4 млрд теңге толық игерiлдi», - дедi әкiм.

Отырыста, сондай-ақ, министрлерден кейiн Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Даниал Ахметов, Батыс Қазақстан облысының әкiмi Алтай Көлгiнов, Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев баяндама жасады.

Айта кетейiк, Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, Үкiметте өтуде. Жиында елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары қаралып, 2017 жылдағы мақсат-мiндеттер айқындалады.

Похожие материалы