Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп жатыр

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп жатыр

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің оперативті отырысын жинады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

"Алматы қаласындағы жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің оперативті отырысын жинады", -деп жазылған Ақорданың twitter-дегі жазбасында.
 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы ауданының ішкі істер басқармасы ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты. Құзырлы органдардың хабарлауынша, күдіктінің сыбайластары да болуы мүмкін. Кейінірек күдіктілердің біреуін тұтқындады. Қалада антитеррорлық операция жарияланған, террорлық қауіптің «ең жоғары» деңгейі жарияланды. Азаматтардан көшеге шықпауларын сұрайды. Алдын-ала мәлімет бойынша, 3 полицей қызметкері және бір бейбіт тұрғын қайтыс болған.

Похожие материалы