Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауын арнайды. Бұл туралы ол Ақордадағы кеңейтілген үкімет отырысында мәлімдеді.
"Осы жылғы кезекті жолдауымда осындай қиын кезеңде не істеу қажеттігін түсіндіріп, нақты қадамдарды жариялаймын",-деді Н.Назарбаев.
"Мұндай қиын жағдайда үкімет пен аймақ әкімдері экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін, жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау үшін барлық қорды қарастыру қажет. Үкіметтің дағдарыстық жағдайды өткеру үшін дайындалған шаралары бар екенін білемін. Мен үкіметтің осы жылдағы республикалық бюджетті нақтылау және үш жылдық бюджет параметрлеріне өзгеріс енгізу туралы ұсынысына қолдау білдірдім", - деп атап өтті ол.
Фото:vlast.kz