Экономика
Президент билік тармақтарының өкілеттігін қайта қарайтын жұмыс тобы туралы өкімге қол қойды
Астана. 12 қаңтар. 7kun.kz - Н.Назарбаев Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді", - деп жазылған хабарламада.
Осыған дейін 2016 жылдың желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев арнайы комиссияға президент, парламент және үкімет арасындағы өкілеттілікті бөлу туралы сұрақты қарауды тапсырған еді. Дегенмен тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын кезінде ол Қазақстанның президенттік басқару жүйесіндегі ел болғанын және бола беретіндігін атап өткен еді. Ал арнайы комиссияға мемлекеттік институттардың жұмысына заңдық және конституциялық өзгерістер енгізуді тапсырды.
2017 жылдың қаңтарында президент ұлттық экономика министрлігін және әлеуметтік даму министрлігін қайта құрды. 2016 жылдың қарашасында ол қорғаныс және аэроғарыштық өндіріс министрлігін құруды тапсырды. Бұған дейін 2014 жылдың тамызында биліктегі ірі өзгерістер болған еді. Барлық мемлекеттік агенттер жойылып, министрліктер саны 17-ден 12-ге дейін, ал министрлік комитеттерінің саны 54-тен 30-ға дейін қысқарды.