Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі ең ірі техникалық жоғарғы оқу орындары бірігеді

Еліміздегі ең ірі техникалық жоғарғы оқу орындары бірігеді
Бүгін Н.Назарбаев  Қазақ-Британ техникалық университеті мен  ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады. Кездесу барысында Президент Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Қазақ-Британ техникалық университетін біріктіру қажет деп атап өтті. Сондай-ақ, ол Е.Бейсембетовты Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры қызметіне тағайындағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев университет базасында ірі ғылыми-зерттеу орталығын құру міндетін қойды және ел экономикасы қазіргі жағдайда жоғары білікті кадрларға, әсіресе инженерлік-техникалық бейіндегі кадрларға зәру екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры Жексенбек Әділовтың қызметінен босатылғаны белгілі болды.  

Похожие материалы