Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент кәсіпорындарға Facebook компаниясын үлгі етті

Президент кәсіпорындарға Facebook компаниясын үлгі етті

Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — Президент қазақстандық кәсіпорындар трансұлттық корпорация деңгейіне көтерілу керек деп есептейді.

"Біз цифрландыруды прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Бұл өнімділікте, капиталдандыруда, табыста абсолюттік артықшылықтарды алу мүмкіндігі. Мысалы, біз "General Electric" компаниясымен бірге электровоздарды өндіруді бастағанымызды мақтан тұтамыз. Онда бір қызметкердің өнімділігі 100 мың АҚШ долларын құрайды. Біз «Қандай күшті!» деп айтамыз. Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясының (ENRC) үздік компаниясы, "Қазақмыс" - 40-50 мың еңбек өнімділігіне ие. Біз мұны «керемет» деп есептейміз. Бірақ қарасаңыз, оларда 50-100 мың адам жұмыс істейді"- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент сонымен қатар кәсіпкерлер өздеріне қандай мақсаттар қою керектігін айтып өтті.

"Еңбек өнімділігі 50-60 мың доллар. Бұл мысалы Facebook-тан 45 есе аз. Қалғандары туралы не айтуға болады? Біздің ең табысты «Алатау» ақпараттық технологиялар паркінің табысы 2016 жылы 20 млрд теңге болды. Біз қандай жақсы дедік. Бірақ бұл Ethereum-нан 38 есе аз. Қазақстанда осындай стартаптарды құру және оларды іске қосу қажет" - деді.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы