Экономика
Президент Үкіметке Қазақстанның халықаралық сауда рейтингін жоғарылатуды тапсырды
Сейсенбі күні өткен министрлер кабинетінің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке елдің халықаралық сауда рейтингін 185-тен 50 дейін жоғарылатуды тапсырды.
Атап айтқанда, мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында кеден рәсімдеріне және сауда саясатына қатысты ауқымды реформаларды бастауды ұсынды. Сонымен қатар ол, кеден әкімшілігін жүргізу туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілгенін, алайда Қазақстан бұл бағытта табысқа жетпегенін айтты.
"Біз тауарлар мен қызметтердің еркін алмасуын қамтамасыз етуіміз тиіс. Тіпті Қазақстан-Қытай шекарасы ретке келмей отыр, поездар мен жүк көліктері топтасып тұрмай, өтуі тиіс. Ал кезекте тұрған кезде коррупция пайда болады. Қаншама адам сотталды, қаншамасы ұсталды, түк шықпайды. Себебі басты мәселелер шешілмеген. Кеден мөлшерлемелерінің санын қысқартып, тек үшеуін қалдыру мүмкіндігін қарастыру, олар: 0%, 5% және 12%", - деп мәлімдеді Президент.
Н.Назарбаевтың айтуынша, осы шаралардың барлығы кедендік реттеуді ашық күйге келтіріп, әкімшілік жүргізуді жақсартуға және жемқорлықтың пайда болу жолдарын тыюға мүмкіндік береді. Бұл мәселелерді ол ЕАЭО-ның басқа қатысушыларымен талқылауды жоспарлап отыр.
"Сонымен қатар біз бір терезе принципін енгізу, кеден және салық жүйелерінің интеграциясы мәселелерін көтереміз. Менің ойымша, біздің салық қызметіндегілер бұл өзгерістерге өздері келді. Импортшылар тауарды әкелгеннен кейін кеден рәсімдерінен өткізеді. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық сауда рейтингінде қазіргі 185 орыннан 50 орынға дейін көтерілуі тиіс", - деді Н.Назарбаев.