Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Үкіметке дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды

Президент Үкіметке дағдарысқа қарсы шаралар кешенін жүзеге асыруды тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың және жеке жер қойнауын пайдаланушылардың валюталық түсімнің бір бөлігін сатуын ұлғайтуды талап етті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде ауқымды дағдарысты еңсеру үшін барлық қажетті резервтер мен құралдар бар екенін және дүрбелеңге ешқандай себеп жоқтығын айтты.

Оның айтуынша, Үкімет дағдарысқа қарсы басым шаралардың кешенді кешенін шұғыл түрде жүзеге асыруға міндетті.

"Ең алдымен ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Бұл экономикалық қауіпсіздігіміздің негізгі факторы. Валюта нарығындағы тұрақсыздық дүрбелеңмен, капиталды шығарумен, трансшекаралық қолма-қол ақшаның сұр ағынымен байланысты. Сондықтан қаржы секторында сырттан сатып алушылардың белсенділігіне байланысты туындаған алыпсатарлық сұранысты азайту қажет. Мен шетелдік валютаны сыртқа шығаруға шектеулер енгізетін Жарлыққа қол қойдым", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент ірі институционалды ойыншылар шетел валютасын шарттық міндеттемелерін орындау аясында ғана сатып алуы керектігін ата өтті.

"Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың экспорттық валюта түсімін сатуды ұлғайту мәселесін пысықтау қажет. Жеке жер қойнауын пайдаланушылар да өздерінің валюталық түсімдерін сатуды қамтамасыз етеді деп күтемін. Банктер клиенттердің валютаны сатып алуын бақылап, мониторинг жүргізуі қажет. Нарықтағы алыпсатарлық ешбір жағдайда біздің резервтерімізге әсер етпеуі тиіс. Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі осы бағытта батыл шаралар қабылдауы қажет. Жалпы алғанда, бірегей шешімдер керек", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Похожие материалы