Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент әкімшілігі жетекшісінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігі жетекшісінің жаңа орынбасары тағайындалды

Астана. 23 наурыз. 7kun.kz - Президент әкімшілігі жетекшісіне жаңа орынбасары болып Оңдасын Оразалин тағайындалды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша, Президент әкімшілігі жетекшісіне жаңа орынбасары болып Оңдасын Оразалин тағайындалды.

Оңдасын Оразалин әр жылдарда РИКА банкінің басқарма төрағасы қызметін атқарған. Одан кейін «Облтрансгаздің» президенті және «Ақтөбегаз» басқармасының төрағасы болған. Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған.

Соңғы жылдары мемлекеттік бақылау бөлімінің жетекшісі және президент әкімшілігінде ұйымдастыру қызметтерін атқарған.

Похожие материалы