Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент ҰҚК-нің қайта жасақталған құрамын бекітті

Президент ҰҚК-нің қайта жасақталған құрамын бекітті

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қайта жасақталған құрылымын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды 7kun.kz.

Аталған Жарлық бойынша Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін 15 Жарлыққа түзетулер енгізілді. ҰҚК жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылды және оңтайландырылды.

2022 жылғы 17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды, деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, жыл басында Президент ҰҚК-ін қатаң сынға алып, комитеттің «Қаңтар оқиғасы» кезінде әрекет етпегенін айтқан болатын. Сонымен қатар, Тоқаев "ҰҚК департаменттерінің басшылары ғимараттар мен құпия құжаттарды ешқандай қарсылықсыз тапсырғанын" айтқан.

Похожие материалы