Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент қысқа мерзімді демалысқа шықты

Президент қысқа мерзімді демалысқа шықты

Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 22 шілдеден бастап төрт күндік демалыста. Президент өз демалысын Қазақстан аумағында өткізуді жоспарлап отыр", – деп жазды баспасөз хатшысы Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, 19 наурызда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Мемлекет басшысы лауазымындағы өз өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Елді Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша басқарды. 2019 жылғы 9 маусымда өткен кезектен тыс сайлауда Тоқаев халықтың 70,76% дауысын жинады. Ол ресми түрде президент қызметіне 2019 жылдың 12 маусымында кірісті.

Похожие материалы