Алматы. 3 шілде. 7kun.kz - Бұл туралы Н. Назарбаев дипломатиялық миссиялар мен xалықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездескенде айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Қазақстанның ядролық қарусыз әлемді қалыптастыру идеясын XXI ғасыр адамзатының басты мақсаты екенін халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен шиеленіс растайды. 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні. Осы күні Астанада Пагуош қозғалысының 60 жылдық мерейтой сессиясын өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонда МАГАТЭ-ның тариxында алғаш рет төмен байытылған уранның Қазақстандағы банкі салтанатты түрде ашылады. Аталмыш отырыста Қазақстанның ядролық қарусыздандыру саласында тағайындап отырған алғашқы сыйлығы да табысталады», - деді Президент кездесуде.
Естеріңізге сала кетейік, Пагуош ғалымдар қозғалысы – әлем ғалымдарының бейбітшілік карусыздану және халықаралық қауіпсіздік үшін құрылған ұйымы. Ең алғашқы кездесу 1957 жылы Канаданың Пагуош қаласында өтіп, Рассел-Эйншейннің манифесі қозғалыстың негізгі құжатына айналды. Сондай-ақ, 2015 жылдың 27 тамызында Астанада Қазақстан мен Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды.