Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президенттікке кандидат Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтты

Президенттікке кандидат Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтты

Астана. 20 қазан. 7kun.kz – ЖСДП партиясы атынан президенттіке кандидат Нұрлан Әуесбаев өзіне қысым жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Оның айтуынша, өңірлерде ЖСДП партиясын қолдаушылардың қолын есепке алмай жатыр.

«Аймақтарда мені қолдау жөнінде қол жиналуда. Бірақ аймақтық сайлау комиссиялары менің көптеген қолдаушыларымның қолын растамауда. Егер менің қолдаушыларымның саны жетпесе, үміткер ретінде тіркелмей қалу қаупім бар. Сонымен бірге аймақтардағы біздің көптеген қолдаушыларға қысым көрсетілуде.  Аяқтан шалуды қою керек! Шымкенттегі сенімді өкілімнің дөңгелегін тесіп кеткендері қай сасқандары? Биліктің дегені болмайды, біз мұндай құйтырқы әрекеттерден қорықпаймыз. Біз кері қайтпаймыз, соңына дейін барамыз» – деді Нұрлан Әуесбаев.

Похожие материалы