Астана. 22 қыркүйек. 7kun.kz – ҚР президенті сайлауына қатысуға үміткерлер 3 млн теңге жарна төлейді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Кандидаттар заң талаптарына сәйкес келетіндігі өтініш бергеннен кейін 5 күннің ішінде тексеріледі.
«Кандидаттардың Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтауды Орталық сайлау комиссиясы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттаманы, дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші және кандидаттың сайлау жарнасын төлегенін растайтын түбіртекті өткізгеннен кейін 5 күн ішінде жүзеге асырады. Жарна мөлшері - 3 млн теңге», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.