«Теледидар арқылы бағдарламасын таныстыруға - 5 250 000 теңге, радиодан - 200 000 теңге, баспасөз басылымдарына үгіт-насихат материалдарын жариялауға - 250 000 теңге, көлік шығындарына - 300 000 теңге бөлу ұсынылады. Жалпы сома - 7 миллион 10 мың теңге. Осы мөлшерді қабылдап, тіркелген кандидаттарға аталған қаулыны жеткізу керек», - деді ОСК жиналысының барысында төраға орынбасары Владимир Фоос.
Президенттікке үміткерлер қатарында ҚР қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, халық коммунистік партиясынан кандидат Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған кәсіподақ федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов бар.
Қазақстан президенті сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.