Алматы. 9 маусым. 7kun.kz – «Ақжол» демократиялық партиясының атынан кезектен тыс Президент сайлауына түсіп жатқан Дания Еспаева №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Бүгін мен үшін жауапты күн. Жеңіске жетемін деген сенімдемін. Менің кандидатурамды партия ұсынғандықтан, жеңіске жету мүмкіндігім жоғары деп ойлаймын. Мен Қазақстандағы кәсіпкерлердің, зиялы қауымның, әйелдердің атынан қатысып отырмын. Сондықтан бұл «бәйгеде» жеңіске жету мүмкіндігім жоғары деп ойлаймын», – деді Дания Еспаева.
Сонымен қатар, ол өзін қолдап, үгіт жұмыстарын жүргізген штаб мүшелеріне, партияластарына алғысын білдірді.