
Байқоңыр. 7 маусым. 7kun.kz – Қайрат Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ырзақұлұлы Нұртай Қазақстан Республикасы Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды», - делінген президент жарлығында.
Айта кетейік, 2022 жылдың наурызында Қайрат Нұртай Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі, 2018-2019 жылдары Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.