«Прима Дистрибьюшн» - халық тұтынатын тауарларды дистрибуциялау саласындағы жетекші компаниялардың бірі.
Анықтама
- Құрылған жылы: 1993 жыл
- Саласы: сауда
- Бас директор: Арсений Набоко
- Қызметкерлер саны: 5000-нан аса адам
Тарихы
1993 жылы 9 қыркүйек - «Прима Дистрибьюшн» компаниясының негізі қаланды.
1996 жылы 10 қаңтар - Tea House, Colgate-Palmolive серіктестік орнай бастады.
1998 жылы 5 желтоқсан - жаңа Strauss бренді пайда болды. Филиалдық желілер ашыла бастады (26 филиал).
1999 жылы 11 сәуір - Филиалдық желінің дамуы. Қазақстанның нарығын жаулай бастады (48 филиал).
2001 жылы 17 маусым - Жаңа бренд: Цин Каз. Филиалдық желінің шаруашылық есеп айырысудан бюджеттік жүйеге өтуі.
2004 жылы 19 тамыз - Жаңа бренд: SCA. Прима Балмұздақ Nest.
2005 жылы 22 қыркүйек - Henkel, Bunge, ITLV серіктістік орнады.
2006 жылы 25 тамыз - компания жаңа кеңсеге көшті.
2007 жылы 17 мамыр - Johnson&Johnson, Макарена, SCJohnson, Podravka, Biosphere, жоспарлы-экономикалық бөлімнің пайда болуы.
2008 жылы 18 наурыз - Үрімшіге сапарлар басталды. Жаңа бренд: Lorado.
2010 жылы 9 сәуір - №1 май зауыты ашылды.
2011 жылы 22 сәуір - Nivea, Agromir, Ferrero серіктестік.
2012 жылы 13 тамыз - Электрондық құжат айналымын енгізу, тренинг орталығының ашылуы.
2014 жылы 14 қазан - Бірнеше корпоративтік журналды шығарды. Жаңа брендттер Ola, Bonduelle, Schwarzkopf, Upeco пайда болды.
2015 жылдың 19 ақпаны - Goldman & Young-мен серіктестік.
2016 жылы 16 қараша - Primario, Flamingo, MacCoffee, Olive Line, Ромат, Азов кондитерлік фабрикасымен серіктестік орнады.
2017 жылы 18 тамыз - Вилка-Ложка, Storck, Loreal, Nutricia, Esli, Silver, Утро, Набеглави, Moony, Soft Line брендтерімен серіктестік орнады.
2018 жылы 15 маусым - Наша Мама, Evyap, Вантуз, Grito, Haribo, R&G компанияларымен серіктестік.
Қызметі
Сату қызметі өз филиалдары бар Қазақстанның барлық ірі қалаларының дүкендеріндегі тауарлардың қажетті ассортиментін қолдайды және бүкіл ел бойынша 35 000-нан астам сауда нүктелерін қамтиды.
Қазақстан бойынша 38 филиалы бар. FOOD/NONFOOD дистрибьюция саласында №1-ші. Алматыда жеке логистикалық орталығы бар. Еуропалық елдерден келіп түсетін тауар ағындарын оңтайландыру және тауарды шоғырландыру үшін Вильнюсте хаб құрылған.
Компанияда 5160 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: 283 супервайзер, 1665 сауда өкілі, 616 мерчендайзер. Сондай-ақ, компанияның 710 автокөлігі, жеке автопарк бар.
2018 жылғы айналымы - 133506841440 теңге.
Компанияның қызмет саласына азық-түлік және тұрмыстық химия дистрибуциясы кіреді. Компания жеткізетін өнімдерге бакалея, консервация, тұрмыстық химия, гигиена, дене күтімі, household және т. б. сияқты бағыттарда 55 000-нан астам тауарлар кіреді.
Миссиясы: "Біз сіздердің өмірден рахат алуларыңыз үшін жұмыс істейміз: жылдам, оңай және барлық жерде – Қазақстанның әр бұрышында сізге қажет нәрселерді табу арқылы!".
Компанияның құндылықтары: Сенімділік пен тұрақтылық; сенім және ашықтық; икемділік және байланыс; бедел мен жауапкершілік.
Серіктестері
«FOOD» бойынша серіктестері
- Teahouse
- Цин-Каз
- Vegeta
- Lorado
- Haribo
- Ferrero
- Maccoffee
- Borges
- Азов кондитерлік фабрикасы
- Lantmannen/Axa
- №1 май зауыты
- Nutricia
- ITLV
- Makarena
- Podravka
- Storck
- Bonduelle
- Bunge
- Maestro de Oliva
- Набеглави
«NONFOOD» бойынша серіктестер
- Colgate-Palmolive
- Henkel
- Loreal
- SCA
- Johnson & Johnson
- S.C. Johnson & Son
- Schwarzkopf
- Beiersdorf
- Moony
- Flamingo
- Silver
- Upeco
- Biosphere
- Hygiene Kinetics
- Conte
- Italcome
- GSK
- R.O.C.S.
Марапаттары
2014-2015 жылдары - "Сала көшбасшысы"
2015 жыл - "Жыл импортері".
2016 жылы - "Сала көшбашысы".
Көптеген марапаттар иегері.
Құрылтайшылары
- Александр Гарбер
- Роман Тихомиров
- Элина Пугач.
Дереккөздері: prima-group.kz, forbes.kz.