Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк саласын сауықтыру үшін 2 трлн теңге бөлінеді

Банк саласын сауықтыру үшін 2 трлн теңге бөлінеді

Астана. 13 ақпан. 7kun.kz - Банк саласын жақсарту үшін проблемалы кредиттер қорына 2 трлн теңге бөлінеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

«Банк секторын сауықтыру мақсатында, проблемалы кредиттерді сатып алу үшін аталған қорды капиталдандыру мәселесі қаралды». 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға енгізілген толықтыруларды таныстыру кезінде Олег Смоляков осындай мәлімдеме жасады.

Капиталдандыру мөлшеріне қатысты сұрақ қойған депутаттың сұрағына Ұлттық банк төрағасы «2 трлн теңге» деп жауап берді. «Қазіргі уақытта қор түрлі қағидалар бойынша жұмыс жасайды. Яғни, оның түрлі форматтар бойынша активтерді сатып алып, шартты түрде қаржыландыру жүргізуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық базасы бар. Оның ішіне баланс құнының активтерін нарық бағасымен сатып алу да кіреді», - Олег Смоляков.

Похожие материалы