Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Прокатқа шынайы оқиғаға негізделген Виктория мен Абдул фильмі шықты

Прокатқа шынайы оқиғаға негізделген Виктория мен Абдул фильмі шықты

Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Кеше UNIVERSAL PICTURES студиясы, «S­ulpak Cinema» компаниясы және «Lumiera Cinema» кинотеатры қазақстандық прокатқа бүгін шыққан “Виктория мен Абдул” фильмінің  жабық көрсетілімін өткізді.

Шынайы оқиғаға негізделген фильм 18 жасынан Біріккен Ұлыбритания корольдігі мен Ирландия ханшайымы, 1876 жылдан Үндістанның патшайымы болған Александрина Виктория (24 мамыр 1819 - 22 қаңтар 1901) туралы баяндайды. Виктория 21 жасында Альберт Саксен-Кобург-Готскийге тұрмысқа шығып, 9 бала табады. 21 жылдан кейін Альберт қайтады, Виктория өмірінің соңына дейін қара жамылып өтеді. Фильм тақта 63 жыл 7 ай 2 күн отырған Викторияның Үндістанға патшайым болып, өзінің алтын мерейін (1887) атап өткен кезін көрсетеді.

[caption id="attachment_80677" align="alignright" width="149"]Виктория Фото: kulturologia.ru[/caption]

Бұл кезде ханшайым өзін жалғыз сезінеді. Оның миллиондаған қызметкерлерінің бәріне ханшайымның көзіне тік қарауға тыйым салынған. Бірақ бұл заңды Үндістаннан ерекше сый әкелген Абдул Карим бұзады. Осылайша ханшайым қарапайым сарай күтушісі Абдулға көңіл аударады. Ол Викторияға урду тілін үйретіп, Мунши (мұғалім) атанады. Патшайымның мұсылмандарға деген көз-қарасын өзгертуге тырысады. Фильмде бұл екеуінің қарым-қатынасы ана мен баланың қарым-қатынасындай көрсетілген. Олар кез келген тақырыпта еркін сөйлеседі. Бірақ бұл қарым-қатынас тек Ұлыбритания халқының ғана емес, бүкіл әлемнің назарын аударады.

[caption id="attachment_80679" align="alignleft" width="158"]Виктория Фото: media.ykt.ru[/caption]

Картинада Абдул өз жағдайын пайдаланбай, адал қызмет етуге тырысады. Бірақ тарихи деректерге сүйенсек, осы жері сәйкес келмейтін сияқты.

  Фильм режиссері – Стивен Фрирз (Ұлыбритания, АҚШ, 2017) Рөлдерде -  Джуди Денч, Али Фазал, Оливия Уильямс, Майкл Гэмбон, Саймон Кэллоу, Эдди Иззард, Адиль Ахтар, Тим Пиготт-Смит, Фенелла Вулгар, Джулиан Уэдэм

Похожие материалы