"Промондис Қазақстан" ЖШС Оңтүстік Қазақстанда екі күн электр станциясының құрылысына 187 млн евро инвестиция бөледі деп хабарлады "Промондис Қазақстан" ЖШС басқарма төрағасы Сергей Лобода.
"Осы аптада біз мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз, және бір-екі аптадан оң Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында қуаты 35 МВт күн электр станциясының құрылысын бастап кетпекпіз", - деп мәлімдеді С.Лобода.
Бірінші электр станцияның құрылысын ағымдағы жылдың қарашасында аяқтау жоспарланып отыр.
Екінші күн электр станциясының қаты 40МВт болады. Ол 2016 жылдың аяғында іске қосылады.
"Қаржыландыруға қатысты мәселені шештік - 70%-ын Еуропа банктері қаржыландырады, қалғаны - жергілікті банктерден", - деді С.Лобода.