Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Пропагандашы Кеосаян Қазақстанға қатысты тағы шулы мәлімдеме жасады

Пропагандашы Кеосаян Қазақстанға қатысты тағы шулы мәлімдеме жасады

Қазақстан. 25 маусым. 7kun.kz – Тигран Кеосаян өзіне Қазақстан билігінің енгізген шектеуіне қарамастан елге келетінін айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Газете.Ru сайтына берген сұқбатында ресейлік режиссер Қазақстан билігінің шектеуіне бас қатырмайтынын мәлімдеді.

«Бұл күлкілі. Мен журналист ретінде олардың әлсіз тұсын тырнап өткен сияқтымын. Бірақ мен түбі өзімнің кеңестік Қазақстаныма келемін. Тағы да қайталаймын, туып-өскен Қазақстанға бәрібір келемін. Оған биліктен рұқсат та сұрамаймын», – деді Кеосаян

Айта кетейік, бұған дейін Кеосаян өзінің телебағдарламаларының бірінде Қазақстанға ашық қоқан-лоққы жасап, дөрекі сөздер айтқан еді. Одан кейін Қазақстан билігі Кеосаянды лаңкестермен бір тізімге енгізгені туралы ақпарат тараған болатын.

Похожие материалы