Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Punjab National Bank-Қазақстан атын өзгертеді

Punjab National Bank-Қазақстан атын өзгертеді

Punjab National Bank-Қазақстан атын өзгертеді. Бұл туралы "Punjab National Bank" - Қазақстан" еншілес банкі" АҚ қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысында белгілі болды.  "Punjab National Bank" - Қазақстан" еншілес банкі" банк атын "Tengri Bank" деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

«Punjab National Bank - Қазақстан» басқарма төрағасының орынбасары Бахтияр Ілиясов қаржы институтының атауын әмбебап банк құру стратегиясы мен нарықта танымалдылыққа ие болу үшін атын өзгерту туралы ұсыныс айтты", - делінген KASE-де жарияланған құжатта.

Айта кетейік, «Punjab National Bank» - Қазақстанның» 84,38% акция үлесі Punjab National Bank-ке (Үндістан) тиесілі. Алайда 2016 жылдың 1 қаңтарындағы акционерлердің жазбасына сәйкес, қаржы институты үлесін 49%-ға қысқартты. Ал қалған 7,29%-дан 9,07%-ға дейінгі үлес бес акционер арасында таратылды.

Сондай-ақ, отырыста тәуелсіз директорлар Алғазы Сәкенов пен Банавар Сешадриді ЕДБ директорлар кеңесінің мүшелігінен шығару туралы шешім қабылданды. Олардың орнына Сергей Гусаров пен Чандер Субхаш келді. Жаңадан тағайындалған тәуелсіз директорларға салықты шегеру мен бюджетке төленетін міндетті төлемақысыз 3 мың доллар сыйақы беріледі.

Фото: goshoppin.in

Похожие материалы