Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путин Луганск және Донецк республикаларын тану туралы жарлыққа қол қойды

Путин Луганск және Донецк республикаларын тану туралы жарлыққа қол қойды

Ресей президенті Владимир Путин Кремльде салтанатты шара өткізіп, Донецк және Луганск халық республикаларын (ДХР және ЛХР) тану туралы жарлыққа қол қойды.

Оған дейінгі телеүндеуінде «Мен Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін дереу мойындау туралы мәселе пісіп-жетілді, жеделдетіп шешім қабылдау қажет деп санаймын», деген еді.

Ол Ресей Федерациясының Федералдық Жиналысынан бұл шешімді қолдауды, одан кейін екі республикамен достық және өзара көмек туралы шарттарды ратификациялауды сұрады. Бұл туралы мәлімдеген Путин Ресей азаматтарының, елдің барлық патриоттық күштерінің қолдау көрсететініне сенім білдірді.

Бұдан кейін Путин ДХР және ЛХР басшылары Денис Пушилин және Леонид Пасечникпен Ресей мен екі халықтық республика арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімдерге қол қойды. Шара бұған дейін Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткен Кремльдің Екатерина залында өтті.

Жиында Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері ДНР мен ЛНР тәуелсіздігін тануды жақтады. Жиын соңында Ресей басшысы Пасечник пен Пушилинге сөз арнап, құттықтады. Кремль сайтының хабарлауынша, олар оқиғадан кейін де жеке сөйлескен.

Путиннің бұл әрекетін Еуропа басшылары айыптауда.

Эстония премьер-министрі Кая Каллас твиттерде Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауы «Минск келісімдерін тоқтатады» деп жазды. «Кремль дипломатияның есігін жауып, соғысқа себеп жасап жатыр», - деп жазды Каллас.

Ал Reuters - тің хабарлауынша Ұлыбритания премьер-министрі Ресейдің КХДР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындауы халықаралық құқықты бұзу болатынын айтқан.

Похожие материалы