Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путин мен Назарбаев Астанада келіссөз өткізеді

Путин мен Назарбаев Астанада келіссөз өткізеді

Астана. 31 мамыр. 7kun.kz - РФ Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес саммитіне келеді. Осы сапарда ол ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде БАҚ өкілдеріне Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.

Ушаковтың айтуынша, келіссөз барысында екі жақты серіктестік жағдайы мен болашағы, кейбір халықаралық мәселелер, сондай-ақ посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында екі жақтың өзара қарым-қатынасы талқыға салынады.

Екі ел президенті осы жылы екінші рет кездескелі жатыр. Осыған дейін Назарбаев Мәскеуге мамыр айында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 71-жылдық мерейтойына қонақ болып барып қайтқан еді. ТМД елдері ішінде тауар айналымы көлемі жөнінен Қазақстан екінші орында тұр дейді Ушаков.

"2015 жылы екі жақсы сауда-саттық көрсетікіші 28,2%-ға ($15,5 млрд) төмендеді. Бұл рубль мен теңге курсының өзгеруіне, көміртек бағасының төмендеуіне байланысты. Ал тауар айналымның физикалық көлемі бар болғаны 3,5%-ға азайды", - дейді ол.

2016 жылдың бірінші тоқсанын қорытындыласақ, тауар айналымы 30,3%-ға ($2,55 млрд), ал физикалық көлемі 3,7%-ға төмендеген.

Похожие материалы