Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путин: Назарбаев жанына тиімді адамдарды жинай алады

Путин: Назарбаев жанына тиімді адамдарды жинай алады
Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзін тиімді адамдармен қоршай алуын, кез-келген мықты басшының басты ерекшелігі деп санайды. Бұл туралы ол Қазақстан республикасы президентінің телерадиокешеніне берген сұхбатында айтып берді. "Шынымды айтатын болсам, Нұрсұлтан Әбішұлындағы мені бір қуантатыны және таңғалдыратыны, ол кеңес үкіметі кезінде керемет мансап жасай алды. Соған қарамастан ол болашаққа ұмтылады. Бұл оның ерекше қасиетті. Біріншіден, ол айналасына іскер әрі тиімді адамдарды, жастарды жинай алады. Жанына мықты адамдарды топтастырудан қорықпайды. Бұл өз кезегінде мықты басшыға ғана тән қасиет. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты осындай парасатты, жігерлі әрі парасатты көшбасшы деп санаймын",-деді Путин.     "

Похожие материалы