Алматы. 8 қазан. 7kun.kz — Ресей президенті Владимир Путин 7 қазанда өзінің және елдің премьер-министрінің жалақысын көбейту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "РИА Новости".
Жалақыны 4,3%-ға арттыру 2019 жылдың 1 қазанынан бастап әрекет етеді.
"Иә, жоспарлы индекстеу", - деп мәлімдеді РФ басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Сол жарлықпен Қорғаныс министрінің, Ішкі істер министрінің, Азаматтық қорғаныс істері, Төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою жөніндегі министрдің, ФҚҚ директорының, Ұлттық гвардия басшысының, Сыртқы барлау қызметі директорының, ФКҚ директорының, Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет директорының, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысының, Үкіметтің бірінші орынбасарының, ОСК төрағасының, оның орынбасары мен хатшысының, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жалақысы 4,3%-ға өсті.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Путин өзінің 67 жасын атап өтті.