Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz – Ресей АҚШ-тың шабуылынан қорғау мақсатымен Солтүстік Корея шекарасына танк пен басқа да әскери техникалар жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы британиялық Daily Mail газеті жазады.
Басылым әскери техникасы бар пойыздардың Хабаровск арқылы теңіз аймағына қарай кетіп жатқаны туралы видео салған. Сонымен қатар, видеодан әскер тікұшақтар да солай қарай бағыт алғанын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай Солтүстік Корея шекарасына 150 мың әскер мен техника жіберген.
Ресейдің Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі "Тор" зенитті-ракеталы кешені Хабаровсктан өткенін растады.
https://youtu.be/TsHw8q77B50«Олар Буратиядағы "Телемба" полигонынан қайтып келе жатқан. Онда наурыз айынан бастап жоспарлы оқулар өткен. Мұндай әскери техникаларды қазір ауданның әр түрлі аймақтарынан байқауға болады. Барлық аймақтар бойынша әскери бөлімдерді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп атап өтті полковник Александр Гордеев.
Айта кетейік, наурыздағы баллистикалық ракеталарды сынаудан кейін Солтүстік Кореядағы жағдай ушықты. Бұл АҚШ, Жапония және БҰҰ тарапынан сынға ұшырады. Одан соң, Пентагон солтүстіккореялық ракеталарды ұстаудан оқу-тәжірибе өткізгісі келетінін хабарлап, Корея жағалауына әскери кеме аттандырды.