Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путин Трампты екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды

Путин Трампты екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырды

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің хатын жариялады. Онда ресейлік басшы Трампты екі жақты қарым-қатынасты қалпына келтіруге шақырған.

Путин Мәскеу мен Вашингтон арасындағы әріптестікті кеңейтуге үміттенеді. Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас Қырымның Ресеймен аннексиялануы мен Украинаның шығысындағы қарулы жанжалдардан, бұған қоса АҚШ Демократиялық партиясына хакерлік шабуылдардан соң күрт суып кеткен еді. Ресей президенті жаһандық және аймақтық қауіптердің күшейгеніне алаңдайтынын айтып, әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін екі жақтың тіл табуы маңызды екенін жазған. 15 желтоқсанда жолданған хатта Путин Трампты Рождество және Жаңа жылмен құттықтаған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік басшының Трампқа құттықтау хат жолдағанын растады.

Похожие материалы