Экономика
Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстанға қатысты айтылған даулы мәлімдемені түсіндірді
Алматы. 24 қараша. 7kun.kz – Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік телеарналарда Қазақстанға қатысты айтылған даулы мәлімдемелерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7kun.kz.
20 қарашада «Россия-1» телеарнасындағы «Вечер с Владимиром Соловьевым» бағдарламасында Дмитрий Дробницкий Ресейдің келесі мәселесі Қазақстан екенін айтқан болатын.
Песков бұл бағдарламаны көрмегенін, ондағы саясаттанушыны танымайтынын айтты.
«Бұл саясаттанушылардың пікірі. Ол пікір үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ», – деді Песков Хабар «Хабар 24» теларнасының President бағдарламасында.
Оның айтуынша, осы сарынды мәлімдемелердің биліктің ресми ұстанымына ешқандай қатысы жоқ.