Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Путиннің үндеуінен кейін Қазақстанға келуге жақын күндерге билет қалмаған

Путиннің үндеуінен кейін Қазақстанға келуге жақын күндерге билет қалмаған

Ресей. 21 қыркүйек. 7kun.kz – 21 қыркүйекте Мәскеуден Ереван мен Стамбулға қатынайтын барлық тікелей рейстерге билеттер Путиннің үндеуінен бірнеше минут өткен соң сатылып кетті. Мәскеуден Астана мен Алматы қалаларына жақын күндерге де билет жоқ.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация туралы мәлімдеді. РФ басшысының жарлығы Кремль сайтында жарияланды.

«Путиннің үндеуінен бірнеше минут өткен соң, 21 қыркүйекте Стамбул мен Ереванға қатынайтын барлық тікелей рейстерге билеттер сатылып кетті», - делінген «Верстка» Telegram арнасының хабарламасында.

Ресейлік БАҚ-тың жазуынша, ішінара мобилизациялау туралы заңда әскери есепте тұрған Ресей ы азаматтарының елден шығуына шектеу қойылды.

«Әскери есепте тұрған азаматтарға мобилизациялау жарияланған сәттен бастап әскери комиссариаттардың, федералдық атқарушы органдардың рұқсатынсыз тұрғылықты жерінен шығуға тыйым салынады», – делінген құжатта.

Айта кетейік, бүгін Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялады. Оның айтуынша, әскери қызметке шақыруғқазір запаста тұрған және ең алдымен әскер қатарында қызмет өткерген, белгілі бір әскери-есептік мамандықтары және тиісті тәжірибесі бар азаматтар шақыртылады.

Похожие материалы