Экономика
Қ.Келімбетов: Қазақстан мұнай нарығындағы құбылмалық жағдайына дайын
Қазақстан мұнай нарығындағы тұрақсыздық жағдайына дайын. Бұл туралы "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетов ХІІІ Еуразиялық медиа форум кезінде мәлімдеді.
Оның сөзінше, Қазақстанның икемді айырбас курсына өтуі шикізат нарығындағы құбылмалық әсерінен болған экономикалық жағдайдың реттелуіне септігін тигізуде.
«Көптеген елдер инфляциялық шектеу саястына өтіп, икемді курс бойынша жұмыс істеуде. Сондықтан біз икемді айырбас курсына өтіп отырмыз. Осындай қадам жасаған Колумбия, Мексика, Ресей және Қазақстан валюта курсы бойынша қатаң саясатты ұстанып отырған елдермен салыстырғанда мұнай нарығындағы тұрақсыздыққа әлдеқайда дайын деуге болады", - деді Келімбеов.