Астананың N2 Сарыарқа аудандық соты миллионер Қайрат Боранбаевты 8 жылға соттау туралы үкім шығады.
Олигархты сот ірі көлемде қаржы жымқыру және қылмыстық жолмен келген қаражатты заңдастырғаны үшін кінәлі деп тапқан.
"Боранбаевқа мүлкі тәркілене отырып, мемлекеттік қызметте өмір бойы жұмыс істеуіне тиым салынып, түпкілікті 8 жыл жаза тағайындалсын", деді үкімді оқыған судья Нұргүл Бапақова.
Сондай-ақ, бұл іске қатысы бар Роман Наханов пен "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанұзак Тайыр да 8 жылға сотталды.
56 жастағы Қайрат Боранбаев Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа туыстық қатынасы бар. Боранбаевтың қызы Назарбаевтың жиені Айсұлтанға күйеуге шығып, кейін ажырасқан.