Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Боранбаевқа қатысы бар "Фитохимия" кешені мемлекетке қайтарылады

Қайрат Боранбаевқа қатысы бар "Фитохимия" кешені мемлекетке қайтарылады

Қарағандыда Қайрат Боранбаевтың фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.  

"Бұрын Қарағанды фармацевтикалық кластеріне берілген "Фитохимия" ғылыми-өндірістік кешені мемлекет меншігіне қайтарылады. Институттың маңызы мен әлеуеті зор. Ішкі аудит қызметінің тексеру жұмысы келісімнің мемлекетке тиімсіз екенін көрсетті, мүліктік кешенді бағалауға, оның құны мен бөліп төлеуге қатысты сұрақтар туындады. Сол себепті мемлекет меншігіне қайтару бастамасы көтерілді. Тиісті құжатқа қол қойылып, рәсімдер жүргізіліп жатыр", – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министрдің айтуынша, Қарағанды қаласының саябақ аймағындағы жерлерді қаланың орталық саябағының бір бөлігі ретінде мемлекет меншігіне қайтару мәселесі алда қарастырылады.

Похожие материалы