Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Боранбаевтың Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыты вакцина шығаруды тоқтатты

Қайрат Боранбаевтың Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыты вакцина шығаруды тоқтатты

Нұр-Сұлтан. 29 сәуір. 7kun.kz – Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы, қамаудағы бизнесмен Қайрат Боранбаевтың Қарағанды фармацевтикалық зауыты Sputnik V ковидіне қарсы вакцина өндірісін тоқтатты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова елде коронавирусқа қарсы 4 млн-нан астам вакцина бар екенін мәлімдеді. Бұл тұрғындарды вакцинациялау мен ревакцинация үшін жеткілікті дейді.

Осыған байланысты Қарағанды фармацевтикалық зауыты "Спутник V"вакцинасын өндіруді тоқтатты. Айжан Есмағамбетова, сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі шетелдік вакцинаны қосымша сатып алуды жоспарламайтынын атап өтті.

"Қазір біз вакциналарды қосымша сатып алу туралы айтып отырған жоқпыз. Біз вакциналардың алдағы уақытта қаншалықты белсенді қабылданатынын бақылаймыз. Әзірге, "Спутник – V" вакцинасын сатып алу жоспарда жоқ. Қазір қарағандылық фармкомбинат вакцина өндірісін тоқтатып, басқа дәрі-дәрмектер өндіреді", - деді Есмағамбетова.

Естеріңізге салсақ, елдегі ең ауқатты адамның бірі саналатын Қайрат Боранбаев Қарағандыдағы фармацевтикалық зауытқа ресейлік миллиардер Виктор Харитонин екеуі иелік ететін. Боранбаев 17 наурыздан бастап екі ай мерзімге қамауға алынған.  

Похожие материалы