Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, 2022 жылғы 20 желтоқсанда сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін 9 айға дейін, яғни 2023 жылғы 21 қаңтарға дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылғы 22 сәуірде Алматы мәслихатының депутаты жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікпен ұсталды. Оны қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзарды.