Алматы. 18 қараша. 7kun.kz – Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
«2022 жылғы 17 қарашада сот шешімімен тергеу органдарының күдіктіге қатысты қамауда ұстау мерзімін 8 айға, яғни 2022 жылдың 21 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік,, Қайрат Құдайберген 22 сәуірде Алматыдағы қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты деген күдік бойынша ұсталған болатын.