Астана. 26 қыркүйек. 7kun.kz – Cот Қайрат Сатыбалдының мүлкін тәркілеп, 10 жыл мерзімге мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеу құқығынан айырумен 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұған дейінгі өткен сот отырысында прокурор оған 6 жыл жаза кесуді сұраған болатын.
«Қайрат Сатыбалдыұлы ҚК 28-бабы 3-бөлігімен, сондай-ақ 189-баптың 4-бөлігінің 2-тармағы және 195-баптың 4-бөлігімен кінәлі деп танылсын», – деді судья Нұрлан Баяхметов.
Ол жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтейді.
Еске салайық, Назарбаевтың жиенінің ұсталғаны туралы 18 наурызда хабарланған болатын. Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтағанын хабарлаған болатын.