Нұр-Сұлтан. 10 маусым. 7kun.kz - Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды мен Дариға Назарбаеваның экс-құдасы Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзарды, деп хабарлайды 7kun.kz.
8 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын 1 айға ұзартқанын хабарлады.
Бұған дейін Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі 1 айға сот шешімімен ұзарған.