Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: 240 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Қайрат Сатыбалдыға қатысты іс: 240 млрд теңге мемлекетке қайтарылды

Нұр-Сұлтан. 24 тамыз. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалды мен басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ және «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Іс бойынша күдіктілердің бесеуі өтіп жатыр, олардың біреуі қамауда, екеуі - үй қамақта. Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер мен айыпталушылардың жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден аса немесе 500 миллион АҚШ долларынан аса ақшалай қаражаты мемлекетке қайтарылды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қайрат Сатыбалдыға қатысты салық пен кедендік төлемдерден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қосымша қылмыстық істер тергелуде.

«Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу белсенді түрде жалғасып жатыр. Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден аса немесе 900 миллион АҚШ долларынан аса ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылады», – делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылды.

Похожие материалы